ҚР мәдениет министрінің орынбасары Бекболат Тілеуханның айтуынша, «қазақ тілінде 41 әріп бар. Олардың кейбіреуі қазақ тілінің табиғатына қайшы. Осыған байланысты кейбір қиындықтар туындап, кейбір сөздер тілдің фонетикалық заңдылығына сәйкеспей отыр».
Вице-министрдің айтуынша, латын қарпіне көшу нәтижесінде «кейбір дыбыстар мен әріптер қолданыстан алынатындықтан, тілдің көптеген проблемалары өзіндігінен-ақ шешіледі».