Латын қарпіне қалай көшеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латын қарпіне қалай көшеміз?

Латын қарпіне қалай көшеміз?

«Sarapshy» дискуссиялық клубында латын қарпіне көшу мәселесі талқыланды.

  • 15 Қыркүйек 2017
  • 636
Фото - Caravan.kz

Қоғам қайраткерлерімен қатар белсенді алматылық жастардың қатысуымен өткен жүздесу өте қызықты ойларға толы болды, — деп хабарлайды Caravan.kz

«Ең бастысы, шешім қабылданды. Біздің "Латынға көшеміз бе, көшпейміз бе?" дегеннен "Латынға қалай көшеміз" деген сұраққа көшуіміздің өзі — айтарлықтай жетістік пенен прогресстің айқын айғағы десем артық болмас» , — деп айтты жазушы, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Кисиков.

"Кирилл әліпбиімен қазақ тілін үйрене алмай жүрген қандастырымыз латын кіргенде тіптен ана тілінен алшақтап кетпей ма деген риторикалық сұраққа жауап бере алатындай шешім қабылданған жағдайда ғана нұр үстіне нұр болмақ» , — деді жастар ұйымының белсенділері.

Отырыс нәтижесі бойынша Парламентте ұсынылған жаңа латын жобасы әлі де талқыдан өтуі керек. Диграфтар менен диакритикалық тұрғыда қаріптің тіл үйренуде жаңа қиындықтар туындатпауы өте маңызды екенін түйіндеді.


«Біз өзіміз 17 жылдай бері латын әліпбиімен өмір сүріп келе жатырмыз. Көшеге шықсаңыз STOP, GO секілді жол жүру белгілерімен қатар банк аттары, мекемелер, кофейнялардың бәрі латын қарпімен бейнеленуде. Сондықтан жас ұрпақ оған тез уақытта үйренетініне кәміл сенімдімін», — деді отырыс төрағасы Дәурен Бабамұратов.

Дөңгелек үстел латын әрпіне толыққанды қолдау идеясымен аяқталып, диакритикалық немесе диграфтық қосындысына ие әліпбиге көшудің әлі де талқыға салынатынын атап өтті.

Мақала авторы: Сырым Иткулов