Латынға көшуге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латынға көшуге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

Латынға көшуге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

Мәдениет және спорт министрлігі 56 миллион теңге сұрап отыр, басқа министрліктер әлі есептеп жатыр

  • 31 Қазан 2017
  • 303
Фото - Caravan.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын қарпіндегі қазақ әліпбиін енгізу үшін қанша қаржы қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2018 жылға 56 миллион теңге сұралды. Бұл қаражат арнайы портал (кириллицаны латынға көшіретін конвертер – авт.) құруға, авторлық құқықты тіркеуге керек", — деді Мұхамедиұлы баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзінше, республикалық комиссия құрылғанға дейін латын әліпбиіне көшуге нақты қанша қаржы керек екенін айту қиын.

Өз кезегінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа әліпбидегі жаңа оқу-әдістемелік құралдарды шығаруға көп қаражат жұмсалмайтынын айтты.

"Қазір қаражат туралы айтуға әлі ерте. Біріншіден, барлық оқу-әдістемелік құралдарды дайындап, апробациядан өткізу керек. Бұған көп ақша керек емес, осыдан кейін латынға көшудің кестесін бекіту қажет. 2019 жылы біз "Әліппені" енгізу аясында 0-сыныпта сабақ беретін мұғалімдер мен тәрбиешілерді дайындамақшымыз. Яғни, оған қажет қаражат бұған дейін қарастырылған болатын. Әліпбиді ауыстырған кезде тағы қаражат бөлудің керегі жоқ", — деді Сағадиев.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов латынға көшу бойынша негізгі шығындар бірнеше жылдан кейін ғана бөлінетінін айтты.


"Әзірге қазір есептеліп жатыр. Мәселен, білім министрлігі дайындықты бастауға қанша қаражат керек болатынын есептеуде. Негізгі шығындар тек бірнеше жылдан кейін ғана болады", — деді Сұлтанов БАҚ өкілдеріне.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.

 

Соңғы жаңалықтар