"Бөліп ал да, билей бер" деген пантюркизм әдістері біздің халықтарға қарсы Ресей империясында да, КСРО-да да қолданылған. Амал не, бұған ғалымдар да жиі қолданылған. Мәселен, түркі халықтарының классификациясын топтар бойынша қарастырып көрейік. Олардың бірінде алтай, қырғыз, қазақ, қарақалпақ, тарат және башқұрт тілдері қыпшақ тобына жатады, оның құрамында хакастар мен шорлар бар, алайда қырғыздардың өзі жоқ. Алайда бұл халықтардың бәрі бір топта болуы тиіс, себебі сол тілдердің өкілдері өз тілдерінде бір-бірімен ешқандай аудармашысыз еркін тіл алмаса алады", — деп келтіреді басылым Қырғызстан басшысының сөзін.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта ТМД-ның латынға көшіп жатқан кейбір елдері жайлы айтты. "Біреулер латын қарпі дамыған мемлекеттердің емлесі дегенді айтады. Бірақ Қытай мен Жапония латынсыз-ақ дамыды ғой. Біз неге Ресейде тұрып жатқандардың — башқұрттарды, татарларды ұмытамыз? Олар кирилл қарпінде қала береді ғой. Дәл солармен біз тілімізді дамытып, өзара байыта алар едік", — деді Атамбаев.