Лауазымды тұлғаларға өзімен бірге үш қызметкерін ауыстыруға рұқсат берілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лауазымды тұлғаларға өзімен бірге үш қызметкерін ауыстыруға рұқсат берілмек

Лауазымды тұлғаларға өзімен бірге үш қызметкерін ауыстыруға рұқсат берілмек

Келесі жылдан бастап жоғары шенді басшылар жаңа жұмыс орнына өзімен бірге үш қызметкерін ауыстыра алады.

  • 11 Тамыз 2015
  • 452
Фото - Caravan.kz

Жаңа заң жобасы бойынша, көмекші, хатшы және кеңесші конкурстан тыс тағайындалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Әли Көмекбаев мәлімдеді. Дегенмен барлық мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар қатаң болмақ. Әрбір мекемеде кәсіби құзыреттілікті анықтау институты жұмыс істейді. Осылайша, маманның өз кәсібін қаншалықты меңгергендігі, салаға жаңашылдық енгізуге талпынысы бағаланады. Өз кезегінде жүргізілетін аттестация қызметкерлерді жұмыстан босатуға емес, керісінше, мүмкіндіктерін шыңдауға жол ашады. Барлық сыннан сүрінбей өткен азаматтарға қызмет бабында жоғарылауға бағытталған құжаттамалар толтырылады.


Әли Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

— Еңбекақы төлеу кезінде факторлық-балдық жүйесі қолданылады. Қазір бірдей қызметтегі мамандар жалақыны да тең дәрежеде алады. Алдағы уақытта әр адам өзін жұмыс барысында қаншалықты көрсете білсе, айлық жалақысы соған байланысты болады. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды http://24.kz/.

Соңғы жаңалықтар