Өз еңбегін туған елімен, туған жерімен бөліскісі келген Ләззат Қапышева өзімен бірге өнерлі әріптестерін де ерте келіпті. Кешті белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев жүргізді.
Бұл еңбекке әуе толқынынан өтетін «Өмірдің өзі новелла» авторлық радиохабарлары арқау болған. Компакт-дискіге жазылған хабарлардың аудио нұсқасы кітаптың әр данасына қосылған.
Ләззат Қапышева Қазақ теледидарында «Балалар мен жастар», «Ізбасар», «Сырласу» хабарлары арқылы көрерменге танылған. 35 жылдық тәжірибесі бар журналистің жаңа кітабына радиода әзірленген хабарлар мен шынайы негізделген фактілер кірген. «Новелла» — итальян тілінде «жаңалық», деген ұғымды білдіреді. Кітапта журналист өткір сюжеттерге иек артып, деректерді жаңалықпен ұштастырған. Бұл автордың екінші туындысы, бірінші шығармасы «Сыр мен мұң» деп аталады.