Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:
— … Одан да сорақы жері бар. Қалалар туралы айтып келеді де, Шымкент, Тараз, Түркістан,… бір кезде Уральскіге келеді, жанағы, жарықтық. "Уральск— русский город, волею судеб оказавшийся в Казахстане, история Уральска тесно связана с Россией, а с Казахстаном — почти никак". Не деген сөз?! «Орал» сөзінің төркіні — түркілік, славяндық емес.
Оралды Ресейдің еншісіне «беріп қойған»журнал бірнеше мың данамен шығарылады екен. Оның үстіне бұны ұшаққа мінген кез келген азамат тегін оқи алады. «Яғни, қаласаңыз да, қаламасаңыз да, жолаушылар оқысын деп таңып қойған. Әйтпесе кезінде Қазақ мемлекетінің қалалары болған — Орынбор, Ташкент және Еділ бойын сұратып жатқан біз жоқ. Бәрі кезінде заңдастырылып кетті. Олай болса, тыныш жатқан бізге жұрттың тиісіп несі бар және ел ішінен бүлік шығаруға журнал басшылығына кім жол беріп отыр?» -дейді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.