«Лэтз Гоу» журналында ел ішінде шу тудыратын мәселелер жазылған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Лэтз Гоу» журналында ел ішінде шу тудыратын мәселелер жазылған

«Лэтз Гоу» журналында ел ішінде шу тудыратын мәселелер жазылған

Елімізде шығып жатқан кейбір ақпарат құралдары ұлтаралық түсінбестіктер тудыруға талпынып жатыр. «Скат» әуе компаниясының ұшақтарында таратылатын «Лэтз Гоу» журналында ел ішінде шу тудыратын мәселелер жазылған. Тіптіқазақ тілінің құнын түсіретін мәліметтер де бар. Бүгін Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясындағы соңғы жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан осы мәселені айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады. 

  • 30 Маусым 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz


Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты:

— … Одан да сорақы жері бар. Қалалар туралы айтып келеді де, Шымкент, Тараз, Түркістан,… бір кезде Уральскіге келедіжанағы, жарықтық. "Уральск— русский город, волею судеб оказавшийся в Казахстанеистория Уральска тесно связана  с Россией, а с Казахстаном почти никак". Не деген сөз?! «Орал» сөзінің төркіні түркілік, славяндық емес.

Оралды Ресейдің еншісіне «беріп қойған»журнал бірнеше мың данамен шығарылады екен. Оның үстіне бұны ұшаққа мінген кез келген азамат тегін оқи алады. «Яғни, қаласаңыз да, қаламасаңыз да, жолаушылар оқысын деп таңып қойған. Әйтпесе кезінде Қазақ мемлекетінің қалалары болған —  Орынбор, Ташкент және Еділ бойын сұратып жатқан біз жоқ. Бәрі кезінде заңдастырылып кетті. Олай болса, тыныш жатқан бізге жұрттың тиісіп несі бар және ел ішінен бүлік шығаруға журнал басшылығына кім жол беріп отыр?» -дейді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. 

Соңғы жаңалықтар