«Лексус» мінген Грузияның мас азаматын тоқтату үшін полиция қызметкері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Лексус» мінген Грузияның мас азаматын тоқтату үшін полиция қызметкері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған

«Лексус» мінген Грузияның мас азаматын тоқтату үшін полиция қызметкері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған

Теміртауда сейсенбіге қараған түні полиция қызметкері «Лексус» көлігін тоқтату үшін табельдік қару қолдануға мәжбүр болған, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық ішкі істер басқармасы мәлімдеді.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 276
Фото - Caravan.kz

Қалалық ішкі істер басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен түні Комсомол даңғылы бойында жүргізушіден күдіктенген жол полицейлері көлікті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші құлақ аспастан, жылдамдықты күшейткен күйі көлігін зулата түскен.

Жол полицейі оның соңына түскен. Полиция аға сержанты табельдік қарудан үш рет ескертіп оқ атқан, содан кейін артық дөңгелекке екі рет оқ атқан. Көліктің дөңгелегі жарылған соң тоқтауға мәжбүр болған. Көлікті жүргізген 23 жастағы Грузия азаматы медициналық тексеру барысында орта деңгейде мас екені анықталған.
Қазіргі кезде билік өкілінің талабына бағынбағаны үшін шетел азаматына қатысты әкімшілік материал дайындалды.