Британиялық Билли Джо Сондерстен төрешілер шешімімен жеңілген канадалық боксшы Давид Лемье болашақта әлем чемпионы атағы үшін қайта таласатынын айтты, деп хабарлады Sputnik Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Лемье "Сондерс пен Головкиннің қайсымен реванш өткізгің келеді?" деген сұраққа жауап берді. Ол 2015 жылы техникалық нокаутпен жеңілгеніне қарамастан GGG-мен екінші рет кездескісі келетінін мәлімдеді.
"Оны Сондерспен жекпе-жектегідей соңынан қуған жоқпын. Менде Головкинді, «Канело» мен Сондерсті жеңетіндей күш-қуат бар екенін дәлелдейтін күнді асыға күтіп жүрмін", — деді Лемье Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.