Өзінің ауыр соққылардың астында қалғанына қарамастан Лемье рефери кездесуді ерте тоқтатып қойды деген сенімде. Бұған қоса ол Головкинмен қарымта кездесуде күш сынасатынын айтты.
«Мен оны құрметтеймін. Ол — ұлы боксшы. Кейбір раундтарда қауіп жоғары болды, бірақ ол тоқтатуға лайық дегенге сенбеймін. Біз көп нәрсені жоспарлап қойған едік және олар рет-ретімен келе жатыр еді. Мен тек қолайлы сәтті күтіп жүр едім. Сондықтан рефери кездесуді ертерек тоқтатып қойды деп санаймын. Мен әрі қарай жалғастыра алатын едім. Қазір мен ештеме демей-ақ қояйын, бірақ алдағы уақытта біз онымен кездесетін боламыз», — деді Давид Лемье.