Ленин атындағы шахтадағы өрт салдарынан 40 адам қаза тауып, жетеуі жараланды - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ленин атындағы шахтадағы өрт салдарынан 40 адам қаза тауып, жетеуі жараланды - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі

Ленин атындағы шахтадағы өрт салдарынан 40 адам қаза тауып, жетеуі жараланды - ҚР төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтадағы өрт салдарынан 40 адам қаза тауып, жетеуі жараланды, тағы бір кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2006
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Жарылыс болған сәтте шахтада 368 адам болған. Жер бетіне 367 адам шығарылды, соның ішінде 40 адам қаза тауып, 7 кенші ауруханаға жатқызылды. Тағы бір зардап шеккен адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде»,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше сәрсенбі күні 8 сағат 56 минутта «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ына қарасты Ленин атындағы шахтаның қазба бөлімінде метан жарылып, оның арты өртке ұласты.

Прокуратура ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «тау-кен жұмыстары кезінде нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адамдарды өлімге душар ету» жөніндегі 245-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы қаза тапқан кеншілердің отбасылары 1,5 млн. теңгеден өтемақы алады деп сендіруде.

Шахтадағы жарылыс дерегі бойынша үкіметтік комиссия құрылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта