Ленинград пен Сталинград қалаларының азат етілуіне қатысқан ардагерлер құрметтелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ленинград пен Сталинград қалаларының азат етілуіне қатысқан ардагерлер құрметтелді

Ленинград пен Сталинград қалаларының азат етілуіне қатысқан ардагерлер құрметтелді

Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше орын алатын Ленинград құрсауының бұзылуы мен Сталинград қаласының азат етілуіне 68 жыл толуына орай, бүгін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшілігі Астанада тұратын соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.

  • 2 Ақпан 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz

Басқосуға Ленинград пен Сталинград қалаларын азат етуге қатысқан қазақстандық ардагерлер, блокадада болған қала тұрғындары қатысты.

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Александр Травин ардагерлерді айтулы тарихи оқиғаның 68 жылдығымен құттықтай келіп, «Ленинград құрсауының бұзылуы мен Сталинград қаласының азат етілуі Ұлы Отан соғысы тарихында аса маңызды орын алады. Сол майданда от кешкен ардагерлердің ерлігі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қала береді», деді.

Ардагерлерді қабылдаған Ресейдің Мәдениет және ғылым орталығында Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген тарихи фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Жиналғандарға өткен күннен сыр шертетін деректі фильм көрсетіліп, ардагерлерге кәдесыйлар тапсырылды.


Перейти к новостям спорта