ЛГБТ қозғалысы елімізде экстремистік деп танылуы мүмкін бе - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЛГБТ қозғалысы елімізде экстремистік деп танылуы мүмкін бе

ЛГБТ қозғалысы елімізде экстремистік деп танылуы мүмкін бе

ЛГБТ қозғалысы елімізде экстремистік деп танылуы мүмкін бе?

  • 11 Қараша
  • 10
Фото: нейрожелі

Мәжіліс депутаттарының осы мәселеге қатысты сауалына Премьер-Министр Олжас Бектенов жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Құқық қорғау органдарының деректері бойынша елімізде «Калейдоскоп», «Feminita» және «KazFem» деген 3 бейресми бірлестік жұмыс істейді, олардың қызметі дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен, оның ішінде қоғамда ЛГБТ-қоғамдастығының өкілдеріне деген толерантты көзқарасты ілгерілетумен байланысты. Көрсетілген бірлестіктер биыл жергілікті атқарушы органдармен келіспей, топтық акциялар ұйымдастырған. Бұл жағдайда олардың әрекеті Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу болып сараланды (ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 2 белсенді әкімшілік жауапкершілікке тартылды). Өз кезегінде ЛГБТ қозғалысын экстремистік деп тануды халықаралық құқық қорғау ұйымдары азаматтардың сенім білдіру және қоғамдық бірлестіктерге қатысу бостандығы құқықтарын бұзу ретінде қарастыруы мүмкін», — деді Үкімет басшысы жауабында. 

Оның атап өтуінше, бірқатар елдің заңнамасы ЛГБТ-ны кәмелетке толмағандар арасында «насихаттауды» шектейді. Алайда бұл шаралар тек бұқаралық тұрғыдан қарастырылады және мұндай қозғалыстарды экстремистік деп жіктеуге қатысы жоқ.

«Сонымен бірге биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобын құрды. Оның құрамына Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Нәтижесінде «жасөспірімдер мен балаларды сексуалдық қатынастарды насихаттаудан қорғау, сақтау туралы» талап бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар ЛГБТ қозғалысының кәмелетке толмағандарға әлеуметтік, психологиялық, медициналық және басқа ықпал ету факторларын зерттеуде. Бұдан басқа, 2025 жылы осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Барлық қажетті зерттеулер аяқталғаннан кейін осы саланы реттеу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастырылады. Жалпы мәселе уәкілетті органдар мен Үкіметтің бақылауында», — деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қою керек екенін мәлім еткен болатын