Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиада басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиада басталады

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиада басталады

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиада басталады.

  • 6 Қаңтар 2011
  • 526
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты аталған білім ордасының баспасөз қызметі таратып отыр.

10 қаңтарда басталып, 5 ақпанға дейін жалғасатын «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиадаға университеттің барлық факультеті мен құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері қатыспақ. Дегенмен бұл шараға студенттер мен магистранттар қатыстырылмайды.

«Оқытушылар мен докторанттар және құрылымдық бөлім қызметкерлері волейбол, мини-футбол, шаңғы жарысы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі бойынша сайысқа түседі», — делінген баспасөз хабарламасында.