деп хабарлады оқу ордасының баспасөз орталығынан.
Байқауда алдын ала іріктеуден өткен 13 ару бақ сынамақ. Сондай-ақ, осы жиын барысында университетте қызмет жасап жүрген ғалым, қарапайым қызметкер аналар арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталады.
ЕҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш жиынның негізгі мақсаты — халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау.
«Қыз Жібек пен Баян сұлудың бүгінгі сіңлілері өз арасында «Қыз Жібек-2011» жеңімпазы болу үшін бар өнерлерін ортаға салады. Олардың бойында бар нағыз қазақ қызының инабаттылығы мен өнеріне баға беретін қазылар алқасының құрамында — ЕҰУ ректоры Б.Әбдірайым, Республикалық «Ұлан» қолбасшысы А.Тасболатов, ақын Ф.Оңғарсынова, «Қалжа» фильмінің режиссері С.Срайыл, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Д.Таңатаров, айтыскер ақын А.Тұрсынбаева, «Айша бибі» халықтық би ансамблінің жетекшісі А.Байдаулет бар», — делінген баспасөз хабарламасында.