Астанада ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі лифтте дәрет сындырғаны видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
"Астаналық полицейлер 26 қаңтарда Иманов көшесіндегі үйлердің бірінде лифт кабинасында дәрет сындырған ер адамды анықтады. Ол қоғамдық жерді ластап, тәртіп бұзып, басқа адамдарға құрметсіздік танытқан. 26 жастағы ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен оған 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды.