"Лифттің ішінде сайтанын қағып алды": Журналист таяқ жейтін әйелдердің сайтандары туралы айтып, нені меңзеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Лифттің ішінде сайтанын қағып алды": Журналист таяқ жейтін әйелдердің сайтандары туралы айтып, нені меңзеді?

"Лифттің ішінде сайтанын қағып алды": Журналист таяқ жейтін әйелдердің сайтандары туралы айтып, нені меңзеді?

Журналист Салтанат Абылбекова парламент қабырғасында кеше орын алған келеңсіз оқиға туралы өз ойын айтты. 

  • 30 Желтоқсан 2021
  • 1639
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желіде жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. 

"Таяқ жейтін әйел сайтандары ойнап, өзі белгілі болады. Ағам дінге бір табан жақын адам ғой. Бар болғаны лифттің ішінде сайтанын қағып алды, бітті!  "Шам жағып қойып, қараңғы бөлмеде оқитын әйел екен, дәәә" деген шығар іштей)",- деп жазды журналист Салтанат Абылбекова. 

Жазбаны оқыған көпшілік әр түрлі пікір айтты:

"Лифтінің ішінде зорлап кетпегеніне тәубе деп ойладым"," Беканың харизмасы мықты", "Бәсе лифтінің ішінде неге постоянно шатах шығды десем Әбілет, Тәбілеттер сонда жүреді екен ғой! Ағаң қырағы екен зүкітіп алған))", — деп жазды оқырмандар. 

Еске салсақ,  29 желтоқсанда мәжілісте журналист Айнұр Коскина экс-депутат Бекболат Тілеуханға оның көп әйел алуға қатысты пікірін білмек болды. Экс-депутат өзінің бірнеше әйелі бар екенін айтып, оны ешқашан жасырмайтынын жеткізді. Бірақ тағы бірнеше сұрақ қоймақ болған Коскина Тілеуханның артынан лифтке кірді. Коскинаның сөзінше, Бекболат Тілеухан оны басынан ұрып, монопод штативін сындырған. Содан кейін журналист полиция шақырды.

Орын алған келеңсіз оқиға жайлы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да пікір білдірді.


"Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері", — деді министр Facebook парақшасында.