Бұдан былай оның кеңістігінде төлқұжат тексеру болмайды.
Визаға келер болсақ ешқандай өзгеріс болмады, яғни Лихтенштейнге кірерде швейцариялық виза күшінде болады, ал Швейцария 2008 жылдан бастап Шенген кеңістігінің мүшесі. Швейцария-лихтенштейн шекарасы бұрын да ашық болатын.
Лихтенштейн Шенген кеңістігіне 2008 жылы Швейцариямен бірге қосыла алар еді, алайда Лиссабон келісімшарты бұған кедергі болды. Келісімшарт бойынша Еуропарламенттің келісім қажетті шерт болғандықтан, бұл үрдіс ұзап кетті.
“Интерфакс” агенттігіне Еуропалық комиссиядағы дереккөздер мәлімдегендей, ратификация үрдісінің тағы бір созылып кетуі ЕО-ның Лихтенштейннен салық саясатында өзгеріс талап етуіне байланысты болды.