Лилия Рахтың ісін сот қарайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лилия Рахтың ісін сот қарайтын болды

Лилия Рахтың ісін сот қарайтын болды

Адамды ұрлады деп айыпталған іскер әйел Лилия Рахтың ісі сотқа түсті.

  • 30 Қыркүйек 2016
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Іс 28 қыркүйекте Алмалы аудандық сотына түсті», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда сән әлемінде белгілі іскер әйел Лилия Рах қамауға алынды. Әйелге «Алдын ала келісім бойынша өмірі мен денсаулығына қауіпті қорлық көрсетіп адамды ұрлады» деген айып тағылды».

Лилия Рах, 1962 жылы туған. Байер, Sauvage бутигінің және «Люкс» дәрежелі бірнеше дүкен иесі.


Алмалы аудандық сотының ақпаратынша, белгілі іскер әйел Лилия Рах 27 қыркүйекке дейін 2 айға қамалды.