Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты

Лионель Месси әлемдік рекордты жаңартты

Аргентиналық футболшы Лионель Месси күнтізбелік жыл ішінде барлық жарыстарда кіргізілген доптар бойынша 40 жылдық рекордты жаңартты,

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Русская служба BBC.

«Барселонаның» шабуылшысы жексенбі күні Испанияның севильялық «Реал Батис» клубына қарсы чемпионатындағы ойында екі гол салды. Осылайша, Месси 2012 жылы қақпаға салған доп санын 86-ға жеткізді.

Бұған дейінгі рекордты 1972 жылы неміс футболшысы Герхард Мюллер жасаған еді. Оның есебінде 85 гол болды.