“Лир патша” трагедиясының тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Лир патша” трагедиясының тұсаукесері өтеді

“Лир патша” трагедиясының тұсаукесері өтеді

Ертең М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында У.Шекспирдің «Король Лир» пьесасының желісі бойынша “Лир патша” трагедиясы сахналанады.

  • 6 Мамыр 2016
  • 445
Фото - Caravan.kz


Шекспирдің атақты трагедиясының бұл нұсқасында негізгі оқиғалар тақталас; ұрпақтар арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни өнердегі классикалық тақырыптардың бірі – әкелер мен балалар қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді. Бүкіл елін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Лир патшаның ақыры неге бұлай болды? Адам бойындағы махаббат пен ғадауат, адалдық пен сатқындық, риясыздық пен ашкөздік тайталасы салқынқанды зерделенетін қойылым авторлары бұл сауалға көрермендерімен бірлесе отырып жауап іздейді…