"Литер" газеті редакциясының ғимаратында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Литер" газеті редакциясының ғимаратында өрт шықты

"Литер" газеті редакциясының ғимаратында өрт шықты

АЛМАТЫ. 20-қараша. Kazakhstan Today. "Литер" газеті редакциясының жаңа кеңсесінде өрт шықты, деп хабарлайды басылым редакциясындағылар.

  • 20 Қараша 2006
  • 736
Фото - Caravan.kz

Олардың хабарлауынша, өрт 14 сағат 15 минутта төрт қабатты ғимараттың шатырында шыққан. Редакция ұжымы өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше жалынмен өз күштерімен күрескен. Қызметкерлердің басым бөлігі қауіпсіз жерге шығарылған, адамдар зардап шеккен жоқ.

«01» қызметінің нақтылауынша, өрт туралы дабыл 14 сағат 24 минутта жеткен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген сәтте өрт сөндіріліп үлгерген екен.

Тілсіз жау 1 шаршы метр аумақтағы шатырға ақау келтірген.

2006-жылдың маусым айында «Литер» басылымы орналасқан басқа ғимарат толық өртеніп кеткені белгілі. Ол кезде де өрт шатырдан басталып, төменгі қабаттарға қарай ойысқан. Өрт 3 мың шаршы метр жерге жайылды.

«Литер» газетінің ұжымы осыдан бір апта бұрын жаңа ғимаратқа көшкен. Бұл ғимараттың да оң беті «алюкобондпен» қапталыпты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта