Литва ең ішкіш ел деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Литва ең ішкіш ел деп танылды

Литва ең ішкіш ел деп танылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтерін жариялаған Business Insider басылымының хабарлауынша, 2000 жылдан бері Литвада алколгольді тұтыну үш есе артқан.

  • 9 Қараша 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Осы Балтық елінің әрбір тұрғыны орташа алғанда жылына 14 литр таза спирт ішеді. Одан кейінгі орындарда жылына тұрғындары орташа есеппен 10-11 литр шөлмекті босататын Австрия, Эстония және Чехия елдері тұр.

Түркия, Үндістан және Израиль алкогольді ең аз ішетіндер қатарында, бұл елдердің әрбір тұрғыны орташа есеппен 1-3 литрден аспайтын таза спирт тұтынады.

Еске сала кетейік, Литвада 4 қараша күні ұзаққа созылған ішуден кейін рецидивист удай мас күйінде тонау және алкоголь сатып алу мақсатында төрт зейнеткер кейуананы өлтірген, деп хабарлады «Литовский курьер»  Regnum агенттігіне сілтеме жасап.

Литва премьері Альгирдас  Буткявичюс отандастарды халық арасындағы алкоголизм мәселесін шешу үшін топтасуға шақырды, деп хабарлады «Комсомольская правда».


Соңғы жаңалықтар