Интерполдың сұрауы бойынша, 46 жастағы Шалабаевтың қолына Литва полициясы тұрып жатқан пәтерінде кісен салған. Вильнюстегі баспанасына тінту жүргізіп, құжаттарын тегіс тәркілепті. Жездесінің атышулы ісін қарау кезінде судьяны сыйламағаны үшін Ұлыбританияда 15 айға сырттай сотталғанымен, Шалабаев 2 жылдай қашып жүрген. Бірақ алысқа ұзамапты. Әблязовпен бірге БТА банкі салымшыларының 6 миллиард долларын ұрлағаны үшін енді Литва абақтысында біраз отыруы мүмкін. Ал Мұхтар Әблязовтың өзі 2 жылдан бері Франция түрмесінде. Алаяқ банкирді Қазақстан, Украина мен Ресей де өз заңдары бойынша жазасын беруге асығып отыр.