Ливан Сыртқы істер министрі 2013 жылы Қазақстанға сапарлауға ниетті
Үстімздегі жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі және Ливан Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Б.Сәрсенбаев |
Ливан Республикасының Сыртқы істер министрі Аднан Хасан Мансурмен кездесті.
ҚР СІМ-нен мәлім еткендей. кездесу барысында Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастық барысы талқыланып, екі жақты қатынастарды одан әрі ынталандыру жолдары туралы пікір алмасулар болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Сәрсенбаев Ливан Республикасының Сыртқы істер министрі А.Мансурға екі жақты қатынастарды ынталандырудың жол картасын ұсынып, бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар жайында әңгімелеп берді. Елші Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленуде Ливанның көрсеткен қолдауына алғысын білдірді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық және сыртқы саясаттағы жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілді.
Өз кезегінде Ливан Сыртқы істер министрі Қазақстан тарапы ұсынған екіжақты ынтымақтатстықты дамыту Жол картасына қолдау білдіретіндігін және оны іске асыруға барынша ықпал ететіндігін жеткізді.
А.Мансур 2013 жылдың екінші жартысында Қазақстан Республикасына сапар жасауға ниет білдірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін