Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетуге шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетуге шешім қабылдады

Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетуге шешім қабылдады

Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан ел үкіметінің толықтай отставкаға кеткенін жеткізді.

  • 11 Тамыз 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб жақында біздің үкіметіміздің толығымен отставкаға кететіні туралы жариялайды, — деді ол, 10 тамыздағы үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Бұл шешімді Қоғамдық жұмыс және көлік министрі Мишель Наджар да растап отыр.

Біз өзімізді жауапкершіліктен босату үшін отставкаға кетіп бара жатқан жоқпыз. Министрлер жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндеттерін атқарады
, — деді ол.

Бұл шешімнің соңғы бірнеше күнге созылған жаппай наразылықтардан кейін қабылданғаны анық. Кеше алдымен Әділет министрі Мари Клод Нейем және өзге де саясаткерлер орындарын босатты.