Ливанда ұлыбританиялық дипломатты қысқа белдемше кигені үшін зорлап өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливанда ұлыбританиялық дипломатты қысқа белдемше кигені үшін зорлап өлтірген

Ливанда ұлыбританиялық дипломатты қысқа белдемше кигені үшін зорлап өлтірген

Ливанда ер адам ұлыбританиялық елшіліктің 30 жастағы қызметкері Ребекка Дайксты зорлап өлтіріп кеткен.

  • 25 Желтоқсан 2017
  • 177
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews РИА Новостиға сілтеме жасап хабарлайды.

Daily Mail мәліметінше, Uber такси қызметінің 29 жастағы жүргізушісі осы қылмысты жасады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Ребекка Дайкс Ливан астанасы Бейруттегі елшілікте жұмыс істеген. Қылмыс болған күні Дайкс достарымен барда кездесіп, сол жақтан үйіне такси шақырған.

Полиция әйелдің денесін жолдың шетінен тапқан. Тыңшылар бақылау камераларының көмегімен такси жүргізушісін таба алды. БАҚ мәліметінше, ер адам қылмысын бірден мойындады.

"Жүргізуші оның қысқа белдемше киіп алғанын айтты", — деп хабарлады полициядағы дереккөз. — Ол әйел әдемі болғандықтан зорлап кеткен. Сондай-ақ, ер адамның айтуынша, әйел шетелдік болғандықтан оны зорлап кету еш қиындық туғызбады".


БАҚ мәліметінше, қылмыскер Тарек Хаучи осыған дейін де сотты болған.
 

Соңғы жаңалықтар