Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ - ҚР СІМ

Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ. Өйткені бұл елде әлі де күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Тамыз 2006
  • 356
Фото - Caravan.kz



«Осы процеске белсене атсалысушы Франция секілді бірқатар Еуропа елдерінің өзі Ливанға өз бітімгершілерін жіберуге асықпай отыр, өйткені, ол үшін бірқатар шарттар орындалуы керек»,- деді Е.Ашықбаев.

«Біз әрине, ахуалға мониторинг жүргізіп отырмыз. Дегенмен, қазіргі жағдаймен Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ»,- деді ол.

«Қазір ҚР СІМ Ливанға қайырымдылық көмек жіберу мәселесін қарап жатыр»,- деді Е.Ашықбаев.

Перейти к новостям спорта