Ливия: НАТО ұшақтары 18 00 әскери нысананы жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливия: НАТО ұшақтары 18 00 әскери нысананы жойды

Ливия: НАТО ұшақтары 18 00 әскери нысананы жойды

Ливиядағы операция кезінде НАТО авиациясы 10 мыңдай рет ұшып, 1 800 әскери нысананың көзін жойды.

  • 7 Маусым 2011
  • 326
Фото - Caravan.kz

Солтүстікатлантикалық альянстың Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Брюссельде өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, аталған 1800 әскери нысананың қатарына 100 командалық қосын, оқ-дәрілердің 700 қоймасы және бейбіт халыққа қарсы қолданылған бес жүздей танк, сауытты техника және зымыран қондырғылары бар.

НАТО Бас хатшысы сондай-ақ альянстың әскери операциясының арқасында Муаммар Каддафидің ел аумағының біраз бөлігіндегі бақылаудан айрылғанын, ал оның режимінің тынысы тарылып келе жатқанын айтты.

Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, дегенмен М.Каддафидің режимі әлі де қауіпті. «Сондықтан да альянс өз миссиясын тағы 90 күнге ұзартты. Біз әскери қысымды күшейтіп, операцияларды қажет болғанша жалғастыруға әзірміз», деді ол өз сөзінде.

НАТО Бас хатшысы сәрсенбі, 8 маусым күні альянстың қорғаныс министрлері Брюссельде бас қосып, әскери операцияны әрі қарай жалғастыру үдерісін және М.Каддафи тағынан тайдырылған кейін жасалатын қадамдарды талқылайтынын айтты. «Себебі, Каддафи кететін күн алыс емес. Елдің келешегі Ливия халқының өз қолында», — деп мәлім етті альянс басшысы.

Соңғы жаңалықтар