"Локомотив" командасының ойыншылары жаңа маусымға дайындығын Түркияда бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Локомотив" командасының ойыншылары жаңа маусымға  дайындығын Түркияда бастады

"Локомотив" командасының ойыншылары жаңа маусымға дайындығын Түркияда бастады

Астананың "Локомотив" футбол клубы кеше оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кетті.

  • 14 Қаңтар 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Жаңа маусымға дайындық кезінде команда құрамы 2 жартылай қорғаушымен толыққан болатын. Олар желтоқсан айының аяғында ауысып келген "ақтөбелік" Андрей Карпович пен "атыраулық" Пірәлі Әлиев. Ал өткен маусымда "Локомотив" құрамында өнер көрсеткен македониялық легионер Влад Лазаревски биыл Қостанайдың "Тобыл" футбол клубына ауысты. Бас бапкер Хольгер Фах бұл жиын кезінде бірқатар жаңа ойыншылардың шебперлігін байқап көрмек.Олардың арасында қақпашылардан — Ненад Эрич («Қайрат») пен Вячеслав Котляр («Іле-Сәулет»), жартылай қорғаушылардан — Нұрбол Жұмасқалиев ("Тобыл"), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Ұлан Қонысбаев («Тараз») және шабуылшы Данило Белич («Жетісу») бар.

Бұл оқу-жаттығу жиыны 27 қаңтарға дейін созылмақ. Онда астаналықтар "Кубань"(Краснодар), "Локомотив" (Мәскеу) және "Минск" (Минск) командаларымен жолдастық кездесу өткізбек.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера