«Локомотив» жастар командасы Чехиядағы халықаралық турнирге аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Локомотив» жастар командасы Чехиядағы халықаралық турнирге аттанады

«Локомотив» жастар командасы Чехиядағы халықаралық турнирге аттанады

Қыркүйектің 29-ы күні «Локомотив» жастар клубы халықаралық турнирге қатысу үшін Прага қаласына аттанады, деп хабарлады аталмыш клубтың баспасөз қызметінен.

  • 17 Қыркүйек 2010
  • 521
Фото - Caravan.kz


1994-95 жылдары туған жасөспірім футболшыларға Валентин Егоров жаттықтырушылық жасайды. Сапар бағдарламасында чех мамандарымен, оның ішінде Чехияның жастар құрамасы бапкерімен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу және ел чемпионатындағы жетекші «Спарты» мен «Словии» клубтарының ойындарын тамашалау бар. Бұл турнирде қазақстандық футболшылар 3 халықаралық матч өткізбек. Қазірдің өзінде 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген команда құрамындағы ойыншылар үшін бұл сапар біршама тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берері даусыз.