Лола Кәрімова әкесінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лола Кәрімова әкесінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Лола Кәрімова әкесінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Теріс пікірлер қалыптаспас үшін өзімнің жаңа парақшамда, өткен демалыс күндері әкеме қатысты болған қайғылы жағдайларға байланысты түсін

  • 29 Тамыз 2016
  • 1022
Фото - Caravan.kz

Теріс пікірлер қалыптаспас үшін өзімнің жаңа парақшамда, өткен демалыс күндері әкеме қатысты болған қайғылы жағдайларға байланысты түсінік бергім келеді, деп жазды Лола Кәрімова әлеуметтік желіде. Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.

«Сенбі күні таңертең әкемнің миына қан құйылуы себепті ауруханаға жатқызылды. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Дәл қазір оның кейінгі жағдайына байланысты қандай да бір болжам жасау ерте. Мен барлық адамдарға біздің отбасымыздың құқын сыйлауды, оны өз мүддесіне бола пайдаланбауды үлкен өтінішпен мәлім етемін.Қайта менің әкемді қолдап, оған дұға жасасаңыздар құрметімді білдіремін»,- делінген Лоланың жазбасында.

Еске сала кетсек, 27 тамыз күні Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Мемлекет басшысының ауруханаға түскені жайында орталық телеарнадан мәлім етілді.


1991 жылдан бері ел басқарып келе жатқан Ислам Кәрімовтың жасы 78 де.

Соңғы жаңалықтар