Лондон 2012: А.Алябьева финалға өте алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон 2012: А.Алябьева финалға өте алмады

Лондон 2012: А.Алябьева финалға өте алмады

Лондон Олимпиадасында көркем гимнастика сайысына қатысқан Анна Алябьева біліктілік кезеңінен аса алмады.

  • 11 Тамыз 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz


Кеше, 9 тамызда 18 жасар жерлесіміз бірінші жаттығуда 27,200 ұпай жинап, 11-ші орыннан көрінген еді. Ал екінші жаттығудың қорытындысы бойынша ол 26,575 ұпайға қол жеткізіп, жалпы 53,775 ұпаймен 13-ші орында табан тіреді. Бүгінгі жарыста ол үшінші жаттығуда 25.250 ұпай және төртінші сайыста 27.400 ұпай жинап, жалпы есепте 15-орынды иеленді. Бұл оның финалға өтуіне мүмкіндік бермеді.