Лондон 2012: таэквандошы Ф.Ергешованың ширек финалға өтуге мүмкіндігі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон 2012: таэквандошы Ф.Ергешованың ширек финалға өтуге мүмкіндігі болды

Лондон 2012: таэквандошы Ф.Ергешованың ширек финалға өтуге мүмкіндігі болды

Бүгін Лондон Олимпиадасында 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Феруза Ергешова словениялық таэквандошыға есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.

  • 12 Тамыз 2012
  • 414
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық спортшының өз қарсыласын жеңуге мүмкіндігі болды. Бірінші және екінші раундта ол словениялық таэквандошы Нусе Райхерге 5:3 және 4:2 болып жеңілсе де, соңғы раундта 11:7 есебімен басым түсе білді. Қорытынды нәтиже — 16:16. Бірақ қосымша уақытта Феруза өз қарсыласына бір ұпай жіберіп қойды. Сөйтіп, біздің жерлесіміз жеңіліп, ширек финалға өте алмады.