Лондон олимпиадасы: палуан Д.Жұмағазиев өзінің негізгі қарсыластарын біліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон олимпиадасы: палуан Д.Жұмағазиев өзінің негізгі қарсыластарын біліп отыр

Лондон олимпиадасы: палуан Д.Жұмағазиев өзінің негізгі қарсыластарын біліп отыр

Лондон олимпиадасында еркін күрес палуандары барын салып, белдесетін болады.

  • 20 Шiлде 2012
  • 604
Фото - Caravan.kz

«ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Алматы облысының тумасы, Лондон Олимпиадасына қатысатын еркін күрес палуаны Дәурен Жұмағазиев осындай сенімді жанына серік етіп отыр.

Оның айтуынша, еркін күрестен 60 келі салмақта Олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін спортшылар баршылық. «Менің негізгі қарсыластарым, ол — Ресей палуаны Бесик Кудухов және Пуэрто-Риканың спортшысы Гомес Матос. Олардан басқа да шеберлер бар. Бірақ кім болса да біз, еркін күрес палуандары, Лондон олимпиадасында бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Ұлыбританияға біз тамыздың 2-сі күні аттанамыз. Сол жақта он күндей жаттығып, боз кілемге шығамыз», — дейді Д.Жұмағазиев..

Айта кетейік, қазіргі кезде Лондон Олимпиадасына баратын Қазақстанның еркін күрестен құрама командасы Астанада жаттығып жатыр.