Жартылай финалдық жарысты біздің спортшылар өте жақсы бастады: алғашқы 250 метрлік дистанцияда Алексей мен Евгений үшінші орыннан көрініп, тіпті екінші орынға да суырылып шықты. Бірақ соңғы кезеңде төртінші орынға түсіп, 3:17 минут көрсеткішен финишке келді. Осылайша, Канада құрамасын ұтқан қазақстандық ескек есушілер негізгі қарсыластары — Швеция, Австралия және Жаңа Зеландиямен бірге финалға шықты. Оның нәтижесі ертең, тамыздың 7-сі күні белгілі болады.