Лондон Олимпиадасына қатысатын спортшылардың тоғызы - ҚазҰУ студенттері - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасына қатысатын спортшылардың тоғызы - ҚазҰУ студенттері

Лондон Олимпиадасына қатысатын спортшылардың тоғызы - ҚазҰУ студенттері

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимппиада ойындарына қатысатын студенттермен кездеседі.

  • 17 Шiлде 2012
  • 493
Фото - Caravan.kz

Жоғары оқу орнының Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, профессор Анатолий Арещенконың айтуынша, ҚазҰУ-да спортшы студенттердің саны жыл өткен сайын өсіп келе жатыр. Мәселен 2008 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен ХХІX жазғы Олимпиада ойындарында 5 спортшы-студент лицензияға ие болған еді. Биылғы дүбірлі додаға 9 спортшы лицензия алып отыр. Бұл университет спорты деңгейінің жоғарылағанын көрсететін абыройлы жетістік. А.Арещенконың сөзіне қарағанда, бұған университет ректоры Ғалым Мұтановтың да спорт саласына қатысы бар адам болуы өз әсерін тигізуде. ҚР Шығыс жекпе-жегі қауымдастығының вице-президенті саналатын Ғ.Мұтанов КСРО-ның дзюдо күресінен спорт шебері, ҚР спортының еңбек сіңірген қайраткері.

Жалпы биылғы олимпиадашы спортшылар: жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері 3 курс студенттері Айман Қожахметова мен Галина Кичигина, 4 курс студенттері жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Олег Работа мен Артур Дильман және факультет түлегі Роман Прокопенко. Заң факультетінің 2 курс студенті ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Подобедова мен дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, магистратура түлегі Гүлжан Исанова. Сондай-ақ сырықпен секіруден спорт шебері, физика-техникалық факультетінің 3 курс студенті Никита Филиппов пен су добынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Алексей Шмидер.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера