Лондон Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті Қазақстанның екі спортшысын жарысқа жібермей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті Қазақстанның екі спортшысын жарысқа жібермей қойды

Лондон Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті Қазақстанның екі спортшысын жарысқа жібермей қойды

Лондон Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті қазақстандық ауыр атлеттер Арли Чонтей мен Фархад Харкиді жарысқа дене қызуының көтерілуіне байланысты жібермей қойды.

  • 30 Шiлде 2012
  • 628
Фото - Caravan.kz

«Біздің естуімізше, олар екеуі де ауырып қалған. Спортшыларымыз қызуы көтерілген соң жарысқа қатыса алмайтын болды», — деп дүйсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның ауыр атлетика жөніндегі ұлттық құрамасы басшысы Мөлдір Мырзатаева мәлім етті.

«Біздің білетініміз әзірге осы ғана», — деп қосты ол.
М.Мырзатаеваның айтуынша, А.Чонтей (56 келіге дейінгі салмақ категориясы бойынша) мен Ф.Харкидің орнына (62 келіге дейін) қосалқы зілтеміршілер — 25 жастағы Кирилл Павлов (77 келіге дейін) пен 19 жастағы Александр Зайчиков (105 келі) шығады.
«Павлов 1-тамызда өнер көрсетеді. Үздік ондыққа кіретін шығар, бірақ оның қарсыластары өте күшті. Зайчиковтың да мүмкіндігі бар, ол да ондыққа кіретін шығар», — дейді М.Мырзатаева.
Ал, шетелдік басылымдар спортшылардың ауысуына олардың Қазақстан азаматтығын жуырда ғана алуы себеп болды деп жазды.
Қытай спортшыларының Қазақстан азаматтығын алғанына көп болмағанын салалық ведомство да растады. Бірақ, олардың айтуынша спортшылар сіңірін созып алғандықтан ауыстырылыпты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера