Лондон-2012: Ә.Ниязымбетов финалда ресейлік боксшымен жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Ә.Ниязымбетов финалда ресейлік боксшымен жұдырықтасады

Лондон-2012: Ә.Ниязымбетов финалда ресейлік боксшымен жұдырықтасады

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында жұдырықтасатын боксшымыз Әділбек Ниязымбетов финалда ресейлік Егор Мехонцевпен Олимпиада «алтын» медалін сарапқа салады.

  • 11 Тамыз 2012
  • 390
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, Әділбек 1/8 финалда эквадорлық Карлос Гонгора Меркадоны, ширек финалда ирандық Эхсан Роузбаханиді, ал жартылай финалда украиндық Александр Гвоздюкті жарыс жолынан ұтқан болатын.

Әділбек Ниязымбетов Бакуде бокстан болған Әлем чемпионатында Қазақстан үшін бірінші олимпиадалық жолдаманы таза нокаут арқылы ұтып алған еді. 21 жастағы ақтаулық боксшы еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2007 жылы өткен халықаралық турнирде, 2008 жылы республикалық турнирде, осы жылы «Азов теңізі кубогі» халықаралық сайысында, 2009 жылы «Жібек жолы» халықаралық турнирінде 1-ші орынды иеленген.