Лондон-2012: Ә.Ниязымбетовтың қанжығасында кемінде Олимпиада қола медалі - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Ә.Ниязымбетовтың қанжығасында кемінде Олимпиада қола медалі

Лондон-2012: Ә.Ниязымбетовтың қанжығасында кемінде Олимпиада қола медалі

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында 81 келі салмақ санатында жұдырықтасқан Әділбек Ниязымбетов ширек финалда ирандық қарсыласын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

  • 9 Тамыз 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Біздің спортшымыз ирандық Эхсан Роузбаханидің үш раундта да жеңіске жетуіне еш мүмкіндік бермеді. Осылайша шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жегін 13:10 есебімен аяқтаған Әділбек Олимпиада алтынына жақындай түсті.

Айта кетейік, 1/8 финалда біздің спортшыға қарсы шыққан эквадорлық Карлос Гонгора Меркадо еш қауқар көрсете алмады. Шаршы алаңның шаңын шығарған Әділбек қарсыласынан 13:5 есебімен басым түскен еді.