Лондон-2012: Д.Карпов 7 жаттығудың қорытындысы бойынша 8-орында - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Д.Карпов 7 жаттығудың қорытындысы бойынша 8-орында

Лондон-2012: Д.Карпов 7 жаттығудың қорытындысы бойынша 8-орында

Лондон Олимпиадасында қазақстандық онсайысшы Дмитрий Карпов 7 жаттығудың қорытындысы бойынша әлі де 8-орында келе жатыр.

  • 9 Тамыз 2012
  • 461
Фото - Caravan.kz

Онсайысшылардың диск лақтыру жаттығуында біздің спортшы 44,93 метр нәтижемен Б тобында 11-ші орынға тұрақтап, 765 ұпай еншіледі. Осылайша 7 жаттығудың қорытындысында 5409 ұпай жинаған Карпов жалпы кестеде 8-ші орында тұр. Ал онсайысшылардың арасында 6409 ұпай жинаған американдық Эштон Итон көш басында.

Онсайысшылардың келесі сырықпен секіру жарысы Астана уақыты бойынша 17:55-те басталады.