Лондон-2012: Д.Карпов 9 жаттығудың қорытындысы бойынша 2 сатыға құлдилады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Д.Карпов 9 жаттығудың қорытындысы бойынша 2 сатыға құлдилады

Лондон-2012: Д.Карпов 9 жаттығудың қорытындысы бойынша 2 сатыға құлдилады

Лондон Олимпиадасында қазақстандық онсайысшы Дмитрий Карпов 9 жаттығудың қорытындысы бойынша 2 сатыға төмендеп, 9-орынға сырғыды.

  • 10 Тамыз 2012
  • 371
Фото - Caravan.kz

Найза лақтыру сайысында В тобында өнер көрсеткен Д.Карпов 49,93 метрлік нәтижемен 12-орынға тұрақтап, 588 ұпай жинады. 9 жаттығудың қорытындысында 7459 ұпай жинаған спортшымыз жалпы кестеде 2 сатыға төмендеп, 9-орынға табан тіреді. Ал онсайысшылардың арасында 7381 ұпай жинаған американдық Эштон Итон әлі де көш басында.

Соңғы 1500 метрге жүгіру жарысы Астана уақыты бойынша сағат 02:20-да басталады.