Лондон-2012: Г.Манюрова ширек финалда сүрінді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Г.Манюрова ширек финалда сүрінді

Лондон-2012: Г.Манюрова ширек финалда сүрінді

Бүгін Лондон Олимпиадасында боз кілемге 72 келі салмақ санатында көтерілген палуанымыз Гузель Манюрова ширек финалда ресейлік спортшы Наталья Воробьевадан таза ұтылды.

  • 10 Тамыз 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, ресейлік спортшы ақтық сынға өтсе, онда Гузельдің Олимпиада қоласы үшін белдесуге мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Гузель 1/8 финалда жапондық Кийоке Хамагучиді 10:2 есебімен ұтқан болатын. Ал ресейлік боз кілем шебері украиндық спортшыны жарыс жолынан ығыстырған еді.

Саранск қаласында 1978 жылы дүниеге келген Г.Манюрова — бұрын Ресей намысын қорғаған белгілі спортшы. Көптеген жарыстарда атой салған, соның ішінде Еуропа чемпионы, Афиныда өткен 2004 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері, 2010 жылы Үндістанда еркін күрестен өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған, Азияның үш дүркін чемпионы. Лондон Олимпиадасының жолдамасын 2011 жылы Ыстамбұлда өткен Әлем чемпионатында ұтып алған болатын. 2010 жылдың 1 сәуірінен БҚО олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера