Лондон-2012: Грек-рим күресінің шебері Д.Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Грек-рим күресінің шебері Д.Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен бастады

Лондон-2012: Грек-рим күресінің шебері Д.Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен бастады

Лондон Олимпиадасында 66 келі салмақ санатында боз кілемге көтерілген палуанымыз Дархан Баяхметов алғашқы белдесуін жеңіспен аяқтады.

  • 8 Тамыз 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz

Грек-рим күресінің шебері Олимпиада жүлдесі жолындағы іріктеу сынындағы белдесуін сербиялық Александр Максимовичке қарсы өткізіп, 3:0 есебімен таза жеңіске жетті. Дарханның 1/8 финалдағы қарсыласы санаулы минуттардан кейін белгілі болады.

1985 жылы дүниеге келген Дархан Азия чемпионы, Венгрияда өткен Гран-придің жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Ол елордада өткен Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған еді.