Лондон-2012: И:Дычко Олимпиада «қола» жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: И:Дычко Олимпиада «қола» жүлдегері

Лондон-2012: И:Дычко Олимпиада «қола» жүлдегері

Бүгін Лондон Олимпиадасы бокс турнирінің жартылай финалында 91 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшымыз Иван Дычко британдық спортшы Энтони Джониге есе жіберді.

  • 11 Тамыз 2012
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бастапқы екі раундта қос боксшы да тең жұдырықтасып, есеп 8:8 болып аяқталған еді. Ал үшінші раундта біздің боксшының сермеген жұдырығы қарсыласына дөп тиіп жатса да қараулық танытқан төрешілер Иванды британдыққа жығып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда И.Дычко қарсыласы германиялық Эрик Пфайферді бірінші раунда-ақ нокдаунға жіберген болатын. Дегенмен немістің тәжірибелі боксшысы есін жиып, жарысты соңына дейін жалғастыра алды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан еді. Ал ширек финалда канадалық Саймон Кейнді жүлдесіз еліне қайтарған болатын.