Лондон-2012: Кубалық қабылан Ғани Жайлауовты Олимпиада жүлдесінен құр қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Кубалық қабылан Ғани Жайлауовты Олимпиада жүлдесінен құр қалдырды

Лондон-2012: Кубалық қабылан Ғани Жайлауовты Олимпиада жүлдесінен құр қалдырды

Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Ғани Жайлауов 1/4 финалда кубалық қабылан Иасниер Толедо Лопезге есе жіберді.

  • 7 Тамыз 2012
  • 426
Фото - Caravan.kz

Біздің былғары қолғап шеберіміз барын салып жұдырықтасқанымен кубалық боксшыға 11:19 есебімен есе жіберді. Есте болса, Ғани 29 шілде күні өткен алғашқы жекпе-жегінде тай боксшысы Сайл Ардиді жарыс жолынан шығарса, одан кейін 1/8 финалда Үндістан спортшысы Джай Бхагванға қарсы шығып, 16:8 есебімен басым түскен болатын.

Айта кетейік, ертең, 3 тамызда Ғанидің туған күні, боксшымыз 27 жасқа толады. Боксшымыз Қызылорда облысы Арай кентінде туған Ғ.Жайлауов халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2009 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылы студенттер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. ХХХ жазғы Олимпиадаға жолдаманы өткен жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында жеңіп алды. Ғани Жайлауовтың жаттықтырушысы танымал бапкер Нұрлан Ақүрпеков.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера