Лондон-2012: Сәпиев Замковойды сан соқтырды, алда Олимпиада «алтыны» - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Сәпиев Замковойды сан соқтырды, алда Олимпиада «алтыны»

Лондон-2012: Сәпиев Замковойды сан соқтырды, алда Олимпиада «алтыны»

Бүгін Лондон шаршы алаңына көтерілген боксшымыз Серік Сәпиев ресейлік азулы қарсыласын сан соқтырып, Лондон Олимпиадасы «алтыны» үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алды.

  • 11 Тамыз 2012
  • 510
Фото - Caravan.kz

69 келі салмақ санатында жекпе-жекке шыққан Серік алғашқы раундты 4 ұпай басымдықпен аяқтаған еді. Дегенмен келесі кезеңде жинақылық танытқан ресейлік есепті қысқартып, екі ұпаймен алға шықты. Бірақ шешуші кезеңде шабуылды үдеткен біздің былғары қорғап шеберіміз Андрей Замковойдың финалға шығуына еш мүмкіндік бермеді, қорытынды есеп — 18:12. Сәпиев финалда.

Естеріңізге сала кетейік, С.Сәпиев 1/8 финалда жапондық Ясухиро Сузукиді, ал ширек финалда венесуэлалық боксшы Габриел Маэстрені айқын басымдықпен ұтқан болатын.

Серік Сәпиев Қарағанды облысының тумасы. 11 жыл бойы боксты жанына серік еткен 28 жастағы Серік екі мәрте Әлем чемпионы (2005, 2007 жылы), Азия чемпионы (2007, 2009 жылы), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы) атанған. Жолдаманы өткен жылы Бакудегі Әлем чемпионатында екінші орынды иеленгені үшін алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера