Лондон-2012: Жалпы командалық есепте Қазақстан 1 сатыға көтеріліп, 7-ші орынға тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон-2012: Жалпы командалық есепте Қазақстан 1 сатыға көтеріліп, 7-ші орынға тұрақтады

Лондон-2012: Жалпы командалық есепте Қазақстан 1 сатыға көтеріліп, 7-ші орынға тұрақтады

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына 6-шы Олимпиада алтыны түсті.

  • 6 Тамыз 2012
  • 752
Фото - Caravan.kz

Үш секіріп қарғудан жарыс жолына шыққан спортшымыз Ольга Рыпакова алдына жан салмай 14,98 метрге қарғып, Олимпиада алтынын олжалады. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бір сатыға көтеріліп, 7-ші орынға тұрақтады.

6 Italy 6 5 3 14

7 Kazakhstan 6 0 0 6

8 Germany 5 10 7 22

Айта кетейік, Олимпиаданың бірінші алтынын велошабандоз Александр Винокуров салған болатын. Оның жеңісті жолын зілтеміршілеріміз Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, жеңіл атлет Ольга Рыпакова жалғастырды.

Жалпы командалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қытай көш бастап тұр. Екінші орында АҚШ құрамасы, бұл елде 27 алтын бар. Ал үштікті 16 алтын медальмен Ұлыбритания тұйықтауда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера