Лондонда Д. Исабеков шығармасының желісімен қойылған спектакль аншлагпен өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда Д. Исабеков шығармасының желісімен қойылған спектакль аншлагпен өтті

Лондонда Д. Исабеков шығармасының желісімен қойылған спектакль аншлагпен өтті

Лондонда Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен Қазақстанның мәдениет Күндері өтіп жатыр. Олардың шеңберінде лондондық "Lion & Unicorn" театрында алғаш рет Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» атты пьесасы бойынша спектакльдің көрсетілімі болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

  • 10 Сәуiр 2014
  • 526
Фото - Caravan.kz

Алғаш көрсетілім толық аншлагпен өтті. Ағылшындық актерлер Кэти Тривилиан және Марк Стантон басты рөлдерді орындады. Қазақ әдебиетінің туындысын британдық оқудың ерекшелігі және актерлердің шебер ойыны залда отырғандардың көңілінен әбден шықты. Алғаш көрсетілім британдық көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болды. Олардың пікірлерінше, спектакль оларды тек қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, тұрмыс және қатынастарымен таныстырып қана қоймай, ең алдымен, рухани байланыстар және отбасылық құндылықтардың маңызы туралы ой салды.

Қойылым апта бойы Лондонда, содан кейін Ұлыбританияның басқа қалаларында көрсеіледі.


Перейти к новостям спорта